Ылғал жөтел кезінде ұсынылады. Өсімдік тектес қақырық түсіретін дәрі. Ол бүркеуіш, жұмсартатын және жергілікті қабынуға қарсы әсерге ие.
Қолдану бойынша ұсыныстар: 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға тамақтану кезінде күніне 2 рет 1 шай қасықтан (5 мл) қабылдау керек. 11 жастан асқан балаларға тамақтану кезінде күніне 3 рет 1 шай қасықтан (5 мл) қабылдау керек.
Қолданар алдында балалар педиатр дәрігерімен кеңесіңіз.
Дәрілік зат болып табылмайды.
Қабылдау ұзақтығы: 14 күн. Қолданар алдында шайқаңыз.
Қарсы көрсеткіштер: компоненттерге жеке төзбеушілік, көмірсулар алмасуының бұзылуы, қант диабеті, артық салмақ, 3 жасқа дейінгі жас көрсеткіші, жүктілік, емізу.
ББҚ-ның 5 мл-ға энергетикалық құндылығы: 64 кДж/15 ккал
ББҚ-ның 5 мл-ға тағамдық құндылығы: көмірсулар 4 г
Сақтау шарттары: құрғақ, күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°С-ден жоғары емес температурада сақтау керек. ББҚ-ны ашқаннан кейін, тоңазытқышта 14 күннен артық сақтамаңыз.