Зат алмасуды сергітеді және реттейді. Баланың ағзасына пайдалы әсер етеді, дәрумендердің жетіспеушілігімен күреседі, вирустық аурулардың алдын алады. 6 айдан бастап қолдануға рұқсат етілген.
Қолдану бойынша ұсыныстар: 1 сүзгіш-пакет (1,5 г) үстіне 100-150 мл ыстық су құйыңыз, 3-5 минут қайнатыңыз, сүзгіш-пакетті сығып алыңыз және алып тастаңыз. Қолданар алдында бөлме температурасына дейін суытыңыз. Шайды тікелей қолданар алдында дайындау ұсынылады.
Шайдың тәуліктік мөлшері бір рет тамақтандыру мөлшерінен аспауы қажет (150-200 мл). Балаларға арналған шөптік шай ерте жастағы балаларға (6 айдан асқан) 2-3 апта қосымша сусын ретінде қолданылады, келесі қолдану 2-3 апта үзілістен кейін.
Қарсы көрсетілім: компоненттерге жеке төзе алмаушылық. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.
Жарамдылық мерзімі: 2 жыл
Сақтау шарттары: ауа ылғалдығы 70%-дан аса емес және температурасы +25о С-ден төмен, құрғақ, тура күн сәулесі түсуден қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Ашық қаптаманы 6 ай ішінде қолданыңыз және температурасы +25о С-ден аспайтын жерде, иісі бар заттардан алыс сақтаңыз.