Тазартылмаған тағамдық. Қуыруға жарамды. Ішкі және сыртқы қолдануға жарамды. Қалқанша безінің қызметін қолдайды. Жүрек-қантамыр қызметін күшейтеді. Метаболизмді жылдамдатады. Шашты нығайтады және шаштың ұштарының ыдырауына жол бермейді.
Кокос майы дайын өнімде барлық пайдалы табиғи заттарды сақтап қалатын суық сығымдау (сығу) әдісімен кокос пальмасының (Cocas nucifera) копра жаңғақтарынан алынады .
Кокос майы лаурин майларының тобына жатады. Оның құрамына қаныққан май қышқылдарының триглицеридтері кіреді. Кокос майының құрамында лаурин, миристин, каприл, каприн, пальмитин, олеин, линол және басқа да бағалы май қышқылдары бар.
Кокос майы - 24°С –ға дейінгі температурада қатты өсімдік майы, ал 25°С және одан жоғары температурада сұйық күйге айнала бастайды.
100 г-да тағамдық және энергетикалық құндылығы: майлар - 99,9 г; 899 кКал/3760 кДж.
Қолдану әдісі: тамақтану кезінде күніне 3 рет 1 шай қасықпен қабылдау қажет. Қуыруға жарамды.
Қарсы көрсеткіштер: жеке төзімсіздік.
Сақтау шарттары: құрғақ, тікелей күн сәулесінен қорғалған жерде, 25°С-дан аспайтын температурада герметикалық жабылған қаптамада сақтаңыз.
Жарамдылық мерзімі: 12 ай. Қаптаманы ашқаннан кейін өнім 1,5 ай ішінде жарамды.