Дезинфекциялық, бактерицидтік, антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Ол жалпы қуаттандырушы, сергітетін және тыныштандыратын әсерге ие.
Қолдануға арналған ұсыныстар:
- 6-7 тамшы майды жылы ваннаға қосып, 10-15 минут бойы ванна қабылдаңыз. Мұндай ванналар бұлшықетті босаңсытуға көмектеседі, ұйқысыздықты қашырады, сондықтан оларды ұйықтар алдында қабылдаған жөн.
- 5-10 тамшы майды суда ерітіп, моншадағы немесе саунадағы тас пешке себіңіз;
- массаж жасау үшін 5-6 тамшы майды 10 г тасымалдаушы (негізгі) кремнің немесе майдың құрамына қосыңыз.
- үй-жайларды хош иістендіру үшін 4-5 тамшы майды 15 шаршы метр бөлмеге қолданыңыз;
Самырсын майының ашық жараларға, көзге және шырышты қабықтарға тиюін болдырмаңыз.
Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Қарсы көрсетілімдер: компонетке жекеленген төзімсіздік.
Сақтау шарттары: 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.