Улану мен диарея кезінде ағзаның су-тұз балансын тиімді қалпына келтіреді. Өмірдің алғашқы күндерінен бастап балаларға және ересектерге ұсынылады. Құрамы: глюкоза, натрий цитраты дигидраты, натрий хлориді, калий хлориді, кремний диоксиді, мырыш амин қышқылы хелаты. Құрамында диареяның ұзақтығын 30% төмендететін мырыш хелаты бар.
"Регидровит"" өмірінің алғашқы күндерінен бастап балаларға және ересектерге диеталық емдік тамақтануға арналған арнаулы тағам өнімі
Іш өту синдромынан туындаған ағзаның сусыздануы кезінде ұсынылады.
Осмолярлық құрайды: 245мОсмоль/л.
Дайындау әдісі: бөлме температурасында 200 мл қайнаған суға 1 пакет-сашедегі ұнтақты (5 г) ерітіп, жақсылап араластырыңыз.
Қолдану бойынша ұсыныстар: өнімнің мөлшері науқастың жасына және сусыздану дәрежесіне байланысты және дәрігердің бақылауымен жеке таңдалады. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Қарсы көрсеткіштер: компоненттерге жеке төзбеушілік.
Жарамдылық мерзімі: 2 жыл.