Белсендірілген көмір құрамында МКЦ болуына байланысты адсорбцияның жоғары деңгейіне ие. Өсімдік, бактериялық және жануарлардан шыққан токсиндердің улы әсерін бейтараптандырады.
Препараттың əрекеті оның құрамына кіретін компоненттер қасиеттерімен шартталған:
Микрокристаллды целлюлоза (МКЦ) – ылғалды жəне зиянды заттарды сіңдіретін тағамдық талшық, ішектің функционалды белсенділігін күшейтуге, алмасу өнімдерін жəне уландырғыш заттарды ағзадан шығаруға, бүйен ішек микрофлорасының құрамын сүйемелдеуге қабілетті. Белсендірілген көмір - сорылатын қасиеттерге ие. Өсімдік, бактерия жəне жануар тегі бар уландырғыш заттардың уландыру қасиетін бейтараптандырады.
Қолдану бойынша ұсыныстар: ересектерге ас қабылдау кезінде, судың көп мөлшерімен күніне (3 қабылдау) 8 таблеткадан қабылдау. Қабылдау ұзақтығы 10 күннен ұзақ емес.
Қарсы көрсетілімдер: компоненттерге жекеленген төзімсіздік, жүктілік, емшекпен емізу, ішек-қарын жолдарының ойық жаралы зақымдануы (соның ішінде асқазанның жəне он екі елі ішек ойық жаралы ауруы, ойық жаралы колит).
Қолданар алдында дəрігермен кеңескен жөн.
Жарамдылық мерзімі: 2 жыл.