Артқа
List

3 жастан бастап ТЫНЫШТАНДЫРАТЫН ШӘРБАТ 100 мл

Құрамы Түйіршіктелген қант, тазартылған су, жапырақтары (дәрілік жаужапырақ, ащы жалбыз), гүлдер (түймедақ, тар жапырақты лаванда), лимон қышқылы, аскорбин қышқылы, пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені), магний лактаты.
Шығару формасы 100 мл полимерлі материалдардан жасалған бөтелке. С дәруменінің қосымша көзі ретінде ұсынылады.
Бағаларды серіктестер дүкендерінен біліңіз:
Сипаттама

3 жастан асқан балаларға арналған диеталық профилактикалық тағамның мамандандырылған өнімі, тыныштандыратын әсері бар С, В6 дәрумендерінің және магнийдің қосымша көзі ретінде ұсынылады

Маңызды ақпарат

Қолдану бойынша ұсыныстар:  3- 11 жас аралығындағы балаларға–  күніне 2 рет 1 шай қасықтан (10 мл), 11- 14 жас аралығындағы балаларға– күніне 3 рет 1 шай қасықтан  (15 мл). Курс ұзақтығы 14 күн. Қажет болған жағдайда курсты 7 күн үзілістен кейін қайталауға болады. Қолданар алдында педиатр-дәрігермен кеңескен жөн.

100 г тағамдық құнарлығы: көмерсу– 70 г, ақуыз– 0 г, майлар– 0 г.

100 г энергетикалық құндылығы: 280 ккал/1172,3 кДж.

Қарсы көрсетілім: компоненттерге жеке төзе алмаушылық, 3 жасқа толмаған балалар

Көлемі: 100 мл

Жарамдылық мерзімі: 18 ай

Сақтау шарттары:  ауа ылғалдығы 75%-дан аса емес және 0о С-ден+25о С-ге дейінгі температурада сақтаңыз.  Ашық қаптаманы тоңазытқышта 14 күннен артық сақтамаңыз. Қолданар алдында шайқаңыз.

Сату: дәріхана желісі және мамандандыоылған дүкендер, сауда желісінің бөлімдері арқылы.