Артқа
List

С ДӘРУМЕНІ мырыш пен эхинацеямен 700 мг нан №20

- ағзаның вирустық, бактериялық инфекцияларға төзімділігін арттырады - ағзаның қорғаныс күштерін арттыруға және суық тию ауруларының кезеңін қысқартуға ықпал етеді
Құрамы сорбит (тәттілендіргіш), қара қошқыл қызылкүрең шөбінің сығындысы, қараған шайыры (гуммиарабик, тасымалдағыш), аспасвит (құрамында тәттілендіргіштер стевиогликозид, эритритол, сукралоза бар), мырыш цитраты, аскорбин қышқылы (С дәрумені), кальций стеараты және аморфты кремний диоксиді (нығыздалуға қарсы агенттер), Карамель хош иістендіргіші (құрамында мальтодекстрин, гуммиарабик қоюландырғышы, тазартылмаған күнбағыс майы бар), аспартам (тәттілендіргіш).
Шығару формасы 700 мг 20 таблетка
Бағаларды серіктестер дүкендерінен біліңіз:
Сипаттама

Ағзаның вирустық, бактериялық инфекцияларға төзімділігін арттырады. Ағзаның қорғаныс күштерін арттыруға және суық тию кезеңін азайтуға көмектеседі. Ол тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекцияларына, ЖРВИ, ЖРА және тұмаудың алдын алуға көмекші құрал ретінде қолданылады.

Маңызды ақпарат

Құрамында тәттілендіргіш бар. Шамадан тыс тұтынған кезде іш жүргізетін әсер етуі мүмкін. Құрамында фенилаланин көзі бар.

Тәуліктік нормадағы (2 таблетка) тағамдық және энергетикалық құндылығы: ақуыздар - 0 г., майлар - 0 г., көмірсулар — 0 г., қант спирттері — 0,44 г.; 1 ккал (4кДЖ).

Қолдану бойынша ұсынымдар: ересектерге күніне 2 рет 1 таблеткадан тамақ ішкеннен кейін қабылдау керек, осы ретте ауызда толық ерігенше сору керек.

Қабылдау ұзақтығы: 2 апта.

Қажет кезде ББҚ қабылдауды бір айдан кейін қайталауға болады.

Қарсы көрсетілімдер: ББҚ компоненттеріне жеке төзбеушілік, жүктілік, бала емізу, үдемелі жүйелік аурулар (туберкулёз, лейкоз, шашыраңқы склероз, коллагеноз), фенилкетонурия.

Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Сақтау шарттары: түпнұсқа қаптамада балалардың қолы жетпейтін жерде +25 ºС жоғары емес температурада сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі: 3 жыл.